Қайырымды жандардың көмегіне мұқтаж асырауында балалары бар мүгедек аналардың “Асыл ана” қоғамына облыстық “Қызылжар” орталық мешіті әрдайым көмек беріп, жанашырлық танытады.
Жылына бірнеше мәрте Алла үйінде біздің аналарға дастарқан жайылады. Мешіт имамдары өзімізге, балаларымызға сабырлылық, сыйластық, адамгершілік қасиеттер жайлы уағыз айтып, дастарқан басында емен-жарқын әңгімелеседі. Біздің қоғамдық бірлестікке бірнеше этнос өкілдерінің жарымжан аналары мүше. Олар лайым дәстүрлі дін өкілдерінің өнегелі істеріне қуанып, рақметтерін айтып отырады. Көңілі жадау аналарға ізгі құрметтің үлгісін көрсетіп жүрген мешіт имамдары соңғы рет біз үшін Құрбан айт мерекесінде қайырымдылық шара ұйымдастырды. Жақсылықтың жаршысына айналған “Қызылжар” орталық мешітінің ұжымына “Асыл ана” қоғамының мүшелері атынан алғысымды айтамын.
Теңдік СӘРСЕКЕЕВА,
асырауында балалары бар мүгедек аналардың
“Асыл ана” қоғамдық бірлестігінің төрайымы.