«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мобильді бригадалар құрылды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жыл соңына дейін 1,4 миллион науқастың үйіне барып қызмет  көрсету үшін емханалардағы мобильді бригадаларға 7,7 миллиард теңге бөлу қарастырылған. 

Елімізде “COVID-19″ жұқтырған, пневмонияға шалдыққан, жіті респираторлық вирустық инфекция белгілері бар науқастарға үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін 3 мыңға жуық мобильді бригада құрылды. Мобильді бригадалар емхана мен отбасылық амбулаториялар жанынан уақытша құрылуда. Олардың жұмысын жергілікті жерде облыстық денсаулық сақтау басқармасы  ұйымдастырады, ал қаржыландыру  әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен жүргізіледі. Тұрғындарға мобильді бригадалардың қызметі тегін көрсетіледі. Қазір өңірде 36 мобильді бригада құрылды. Соның ішінде 23 дәрігерлік және 13 фельдшерлік бригада бар.

Дене қызуы жоғары, вирус белгілері бар, коронавирус немесе пневмонияға күдіктенген науқастар жұмыс күндері таңғы 8.00-ден кешкі  18.00-ге дейін аумақтық емхананың қабылдау бөліміне, қалған уақытта (сағат 18.00-ден кейін, демалыс, мереке күндері) 103 телефонына хабарласа алады.

Мобильді бригаданың құрамында дәрігер немесе медбике,  қажеттілігіне қарай бейінді маман болуы мүмкін. Мобильді бригадалардың басты жұмысы – науқастарды тексеріп, сырқаттану дәрежесін бағалау. Сонымен қатар “COVID-19” вирусына күдікті науқастарды полимеразды тізбекті реакциялық тестілеуден өткізеді. Көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама береді. Қандағы оттегінің сатурациясы 93 пайызға төмендеген кезде науқастың жанында консультациялық топ мүшесімен аудио-бейне конференция ұйымдастыра отырып, пульсоксиметрия жүргізеді. “COVID-19″ коронавирустық инфекциясының диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес дәрілік заттарды тағайындайды.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

 облыстық филиалының бас сарапшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp