«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МОБИЛЬДІК КЕҢСЕ” — МҮГЕДЕКТЕРГЕ КӨМЕК ТЕТІГІ

“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы “Мобильдік кеңсе” қызметін кімдер және қалай пайдаланады?

Әсет ҚАБЫКЕНОВ,

Шал ақын ауданының тұрғыны.

Оқырман сауалына “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының менеджері Данияр Маекенов жауап береді.

– “Мобильдік кеңсе” қордың салымшыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және ақпарат берудің қосымша тетіктерін қалыптастыру бағытындағы ізденісінің жемісі екенін айтуымыз керек. Ол халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолдауға, мүгедек адамдарға ақпараттық кеңес беруге, көмек көрсетуге, сондай-ақ, салымшыларға (алушыларға) БЖЗҚ кеңселерінен тыс жерлерде сапалы қызмет көрсетуге бағытталған. Яғни, қандай да бір себептермен, әсіресе, денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын адамдарға қор мамандары өздері барып, қызмет көрсетеді. Сол үшін мамандардан командалар құрылған. БЖЗҚ қызметкерлері салымшымен (алушымен) келісе отырып, оған ыңғайлы уақыт пен орынды белгілейді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қордың деректер базасына енгізіп, тиісті қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын жинауға және оларды кеңсеге жеткізуге көмектеседі.

2016 жылғы қаңтардан қазан айына дейінгі аралықта қор қызметкерлері төлемдер алуға құқылы, бірақ қорға келіп өтініш жасамаған І және ІІ топтағы мүгедек 13 192 алушымен байланысқа шықты. Бұл тізімнің ішінен төлемдерді 10 788 адам алып үлгерді. Бұған қоса, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген салымшылар деректемелерін өзгерту, шарттардың телнұсқаларын беру, хабарлау тәсілін өзгерту секілді қосымша қызметтерге де қолжетімді. Жасалған операциялардың жалпы саны 38374-ке жетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp