Зейнеп РАҚЫМБЕКОВА,
“Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры” АҚ облыстық филиалының директоры.
Шағын бизнесті дамытудың және тұрмысы төмен жандардың кіріс деңгейін көтерулеріне мүмкіндік беретін іске тартудың басты тетіктерінің бірі – ауылдық жердегі шағын кредиттеуге айтарлықтай рөл беріледі.
Шағын кредиттеу бүгінде “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдинг” АҚ жүзеге асыратын ауылды қолдаудың көпдеңгейлі мемлекеттік маңызды тетіктердің бірі болып қалып отыр. 2007 жылы оның құрамына “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ы енді (одан әрі – Қоғам), ол өзінің Қазақстан бойынша облыстық маңыздағы қалаларда, соның ішінде Петропавл қаласында орналасқан филиалдары мен өкілдіктері арқылы займ бере отырып, ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне нақтылы көмек көрсетеді.
Қоғамның солтүстікқазақстандық филиалы үстіміздегі 2012 жылдың ішінде жеке тұлғаларға және облыстың агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне жалпы сомасы 900,0 миллион теңгенің үстінде 390-нан астам шағын кредит берді, ал өткен жылы сомасы 489 миллион теңгенің 365 займы қаржыландырылған болатын. Биылғы жылы кредиттеу мына бағыттар бойынша жүргізілді:
– ауыл тұрғындарын және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мал шаруашылығын, егіншілікті және ауылдағы бизнестің басқа да түрлерін дамыту үшін шағын кредиттеу – 264 займға 180,0 миллион теңге сомасында;
– көктемгі-дала және орақ жұмыстарын жүргізуге (“Егінжай” бағдарламасы) – 28 шаруашылық жүргізуші субъектілерге 66,8 миллион теңге сомасында;
– етті тұқымды жас мал табынын өз төлінің есебінен өсіру үшін аналық ірі қара мал басын және асылтұқымды өндіргіш бұқалар сатып алуды қаржыландыруға – 98 шаруашылыққа 655,0 миллион теңге сомасында (“Сыбаға” бағдарламасы), ал 2011 жылы 206,6 миллион теңгеге 33 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі қаржыландырылды.
“Сыбаға” бағдарламасы бойынша алынған займдар есебінен үстіміздегі жылы ірі қара мал санын 3384 басқа көбейту жоспарлануда, соның ішінде 3218-і – аналық ірі қаралар және 166-сы – асылтұқымды өндіргіш бұқалар. Биылғы 2012 жылы “Сыбаға” бағдарламасы бойынша қоғам филиалы арқылы жобаларын қаржыландыруда Тайынша, Ақжар, Уәлиханов және Тимирязев аудандары барынша белсенділік танытты.
Келер 2013 жылы кредиттеу үшін филиал мына бағдарламалар бойынша өтініштер қабылдауын жүргізуді және қарауды жалғастыруда:
– ірі қара мал етінің экспорттық қуатын одан әрі дамыту мақсатында, “Сыбаға” бағдарламасы бойынша етті тұқымды жас мал табынын өз төлінің есебінен өсіру үшін аналық ірі қара мал басын және асылтұқымды өндіргіш бұқалар сатып алуға – 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 6 пайыз көлеміндегі сыйақы ставкасында. Кредит сомасы – 18 миллион теңгеден аспайды, негізгі қарызды жабу бойынша жеңілдік кезеңі 2 жылға дейін, ал сыйақыны жабу бойынша жеңілдік кезеңі 1 жылға дейін;
– “Егінжай” бағдарламасы бойынша көктемгідала және орақ жұмыстарын жүргізуге.
Сол сияқты 2013 жылдан бастап филиал Ислам даму банкінің “Сәтті” (“Мурабаха”, “Салам”) бағдарламалары қаржысы есебінен кредиттеу бағдарламасын жүзеге асыруды бастайды.
“Мурабаха” бағдарламасы бойынша кредиттеу шарттары:
Бір қарыз алушыға займ сомасы 1 миллион теңгеден басталады, бірақ 25000 АҚШ долларынан аспайды (қаржыландыру ұлттық валюта – теңгемен жүргізіледі), кірістілік ставкасы жылдық 9,5 пайыз, кредиттеу мерзімі 48 айдан артық емес, қамтамасыз етілуі қоғамның кепілдік саясатына сәйкес.
Бағдарламаның мақсаты – ауыл тұрғындарын және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мал шаруашылығын (шошқа шаруашылығынан басқа), егіншілікті және ауылдағы басқа бизнес түрлерін дамыту үшін шағын кредиттеу.
Мақсатты тағайындалымы – кейінде есеп айырысуға сату үшін қарыз алушының өтініші бойынша негізгі қорлар, биологиялық активті сатып алу.
“Салам” бағдарламасы бойынша кредиттеу шарттары:
Бір қарыз алушыға займ сомасы 1 миллион теңгеден басталады, бірақ 25 мың АҚШ долларынан аспайды (қаржыландыру ұлттық валюта – теңгемен жүргізіледі), кірістілік ставкасы жылдық 9,5 пайыз, кредиттеу мерзімі 18 айдан артық емес, қамтамасыз етілуі қоғамның кепілдік саясатына сәйкес.
Бағдарламаның мақсаты – ауыл тұрғындарын және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мал шаруашылығын (шошқа шаруашылығынан басқа), егіншілікті дамыту үшін шағын кредиттеу.
Мақсатты тағайындалымы – болашақ астық (актив) үшін алдын ала ақы төлемін жүргізу, тауардың сапасын, санын және жеткізу күнін айқындау.
Аталмыш өнімдерді кредиттеу шарттары бойынша неғұрлым жан-жақты ақыл-кеңесті “Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры” АҚ облыстық филиалының кредиттік мамандарынан алуға болады.
Қоғамның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы өз құзырының аясында ауыл тұрғындарының және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржылық қорлар мен қызметтерге еркін қолжетімдігі үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Филиал мына мекенжайда орналасқан: Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 41-үй “А”, 3-қабат. Байланыс телефондары: 8 (7152) 46-23-38, 46-58-32.