Спорт сарайында Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шайбалы хоккейден облыстық турнир өтіп жатыр. Алғашқы кездесуде шайбаны ойынға қосу құрметіне Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев ие болды.
Турнирдің ашылуында Мағжан Жұмабаев және Уәлиханов аудандарының полицейлері күш сынасып, уәлихановтықтар 4:1 есебімен жеңіске жетті. Жалпы бұл спорттық шараға 19 құрама қатысуда.