«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мәжіліс комитеттерінің төр­ағасы мен 2 хатшысы оппозиция депутаттары арасынан сайланады

Парламент Мәжілісі тұ­рақты комитеттерінің бір төр­ағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуінде айтылған.

“Қазақстан Респуб­ли­­ка­сының Парламенті және оның депу­тат­тарының мәртебесі туралы” конс­титуциялық заң­ға және “Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Парламентінің коми­теттері мен комиссиялары туралы” заңға түзе­тулер енгізу арқылы парламенттік оппози­ция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толық­тырулар жасалды. Енді Парламент Мәжілісі тұ­рақты комитеттерінің бір төр­ағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады”, – делінген үндеуде.
Сондай-ақ онда парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тың­дау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленетіні айтылған.
“Бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады. Бұдан бөлек, саяси партиялар фрак­цияларының жетекшілеріне Парламент палаталарының бір­лескен отырыстарында, Пар­ла­мент Мәжілісінің пленар­лық отырыстарында, тұрақты коми­теттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдауларда және басқа іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілді құқық беріледі”, деді Президент.

 

 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp