«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘЖІЛІСМЕНДЕР — САЙЛАУШЫЛАР АРАСЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары 4-13 қаңтар аралығында сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерді аралайды. Қызылжар өңіріне келген Мәжіліс депутаттары – Сергей Звольский, Петр Шарапаев пен Мұрат Теміржанов жұмыс сапарын Есіл ауданының тұрғындарымен кездесуден бастады.

Аталған аудандағы әлеуметтік нысандар мен агроқұрылымдарды аралады, нақтырақ айтсақ, Явленка орталық аудандық ауруханасының, “Пекарушка” шағын наубайханасының, “Егін”, “Заградовская” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің, Заградовка ауылындағы жабық хоккей қорапшасының бүгінгі жағдайымен танысты.

Заградовка ауылының жастары үшін “Прометей агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған жабық хоккей қорапшасы өткен жылдың қараша айында ашылған. Жалпы құны 37 млн. теңгені құраған нысанда хоккей, мәнерлеп және конькимен сырғанау, шорт-трек, футбол, волейбол, баскетбол, теннис сияқты спорт түрлерімен айналысуға болады. Спорт нысаны күніне 100 адамды қабылдай алады.

Халық қалаулылары жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Депутаттар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзінің негізгі мазмұны мен маңыздылығына тоқталды.

Ал келесі күні мәжілісмендер Мамлют ауданына жол тартты. Мұнда аудан активімен кездесіп, “Нұр Отан” партиясының аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Аудан тұрғындарының арыз, өтініштерін тыңдап, түйінді мәселелерді қойын дәптерлеріне түртіп алды, оларды тиісті орындарға жеткізбек.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp