2007 жылдың желтоқсан айында Айыртау ауданындағы шаруашылықтардың біріне бір топ бұзақы шабуыл жасаған болатын. Қаруланған қылмыскерлер “КамАЗ” маркалы екі көлікті айдап әкетіп, шаруашылықты 13 млн. теңге шығынға ұшыратқан. Жақында осы іске қатысы бар деген қылмыскерлердің бірі Мәскеу қаласында қолға түсті. 31 жасар солтүстікқазақстандық Ресейде уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp