«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«МӘҢГІЛІКТІҢ» ЖЕҢІСІ

Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының  «Мәңгілік» би ансамблі халықаралық «Шабыт» фестивалінде үздіктер қатарынан көрінді.

Құрылғанына 1 жыл ғана болған шығармашылық ұжым үлкен бәсекеде жақсы өнер көрсетіп, бірінші орынның жүлдесін иемденді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі  – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Михаил Лахтин. Ансамбль фестивальға әр түрлі халықтардың билерін дайындап апарған. Құрамында шетелдік белгілі өнер шеберлері болған қазылар алқасы жас ұжымның өнерін жоғары бағалады. Фестивальға 15 елдің өнерпаздары қатысқан екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp