Солтүстікқазақстандық Назгүл Маратова Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында самбодан жасөспірімдер арасында өткен әлем біріншілігінен алтын алқа тағып қайтты.
Бәсі биік додаларда 75 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіндегі қарсыластарынан басым түскен Назгүл ойдағыдай өнер көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Тартысты сайыстарда ел намысын қолдан бермеген ару – облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаттың оқушысы.
(Өз тілшіміз).