Елбасы өз Жолдауында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыруға баса мән берді.
«Осыған орай біз ипотека қолжетімді болуы үшін бюджеттік сала қызметкерлеріне қолдау көрсетпекшіміз. Алғашқы жарнаны ішінара субсидиялауға облыстық бюджеттен 200 млн.теңге бөлінеді»,- деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов кеше Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған облыс активінің жиынында.
Яғни 200-300 солтүстікқазақстандық отбасы тұрғын үйді біршама жеңілдікпен ала алатын болады.