2014 жылдың қаңтар-наурыз айында барлық ағымдар бойынша көші-қонның теріс айырмасы 880 адамды құрап, 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29 пайызға көбейген.
Облысқа келгендер саны (өңірішілік көші-қон есебінсіз) 766 адамды құрады, кеткендер – 1646 адам.
2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыстан барлық кеткендердің (облысішілік көші-қон есебінсіз) 76 пайызы (1251 адам) Қазақстанның басқа өңірлеріне қоныс аударды. Өңіраралық көші-қонның теріс айырмасы 657 адамды құрап, 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 49% көбейді. Оңтүстік Қазақстан (12 адам), Маңғыстау (4 адам), Қызылорда (4 адам) және Батыс Қазақстан (3 адам) облыстарымен оң теңгерім қалыптасты. Қазақстанның қалған өңірлерімен теріс айырым байқалады. Негізгі қоныс аудару аумақтары – Ақмола облысы (449 адам немесе 35,9%), Астана қаласы (430 адам немесе 34,4%), Қарағанды облысы (78 адам немесе 6,2%), Қостанай облысы (70 адам немесе 5,6%).
2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанның басқа өңірлерінен халықтың қосылуы өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18,6% көбейіп, 594 адамды құрады. Облысқа сонымен бірге Ақмола облысынан (181 адам немесе 30,5%), Астана қаласынан (114 немесе 19,2%), Қарағанды облысынан (66 адам немесе 11,1%), Қостанай облысынан (50 адам немесе 8,4%) көшіп келді.
2014 жылдың қаңтар-наурызында ТМД елдеріне 376 солтүстікқазақстандық қоныс аударды, облысқа 159 адам көшіп келді, көші-қонның теріс айырмасы 217 адамды құрады.
Эмигранттардың негізгі бөлігін бұрынғыдай Ресей Федерациясы қабылдайды (барлық кеткендердің 93,4 пайызы), Беларусь – 5,6 пайыз және 1 ғана пайызын – ТМД-ның барлық қалған елдері. 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында ТМД елдерінен облысқа көшіп келгендердің арасында ең үлкен үлес салмақты Ресей Федерациясынан келгендер алады (ТМД-дан барлық келгендердің 74,2 пайызы). Көшіп келгендердің арасында Өзбекстан (9,4 пайыз), Әзірбайжан (6,3 пайыз) және Украинаның (3,8 пайыз) бұрынғы азаматтарының үлес салмағы жоғары.
2014 жылдың қаңтар-наурызында әлемнің басқа елдеріне облыстың 19 тұрғыны қоныс аударды, облысқа тұрғылықты жерге 13 адам көшіп келді, көші-қонның теріс айырмасы – 6 адам.
Әлемнің басқа елдерімен көші-қон айырымы негізінен Германия есебінен теріс болып қалыптасты. 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында Германияға 16 адам қоныс аударды, облысқа 1 адам көшіп келді.
Облыстық Статистика департаменті.