Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып Амангелді Сатанов тағайындалды.
Амангелді Есмағзиұлы 1987 жылы Ресейдің Түмен облысы, Қазан ауданы, Новогеоргиевка ауылында туған. 2008 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін “Тарих” мамандығы бойынша, 2011 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша бітірген.
Кеңесшінің білім беру, саясат, мемлекеттік қызмет салаларында тәжірибесі бар. 2017-2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы болған.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап “Qyzyljar – adaldyq alańy” жобалық кеңсесіне жетекшілік етуде.