«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҚ СОТЫМЫЗ – ЕЛІМІЗДЕГІ ҮЗДІК СОТ

Кеше еліміздің Жоғарғы сотында облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша 2014 жылға арналған республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

“Биылғы қаңтарда Қазақстан Судьялар одағы сот жұмысын үздік ұйымдастыруға арналған байқау-конкурс жариялаған болатын. Осыған дейін үздік сот ұжымы емес, үздік судьялар байқауы өтетін. Енді биылдан осы байқаудың талаптары мен тәртібі өзгертілді”, – деді Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми. Ол соттар жыл бойы өз жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту бойынша белсенді шаралар қабылданғанын, сондай-ақ, соттардың жаңа электрондық қызметі халықтың қолдауына ие болғандығын атап өтті.  

Облыстық және оған теңестірілген соттардың арасында бірінші орынға Мұратғали Әкетай төрағалық ететін Солтүстік Қазақстан облыстық соты ие болды. Екінші, үшінші орындарды Жамбыл және Павлодар облыстық соттары иеленді.

Байқау жеңімпаздары арнаулы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp