1. Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және халықаралық қорлар.
Үстіміздегі жылдың тамызында өңірдің банк секторы барлық бағыттары бойынша тұрақты қызметін сақтап қалды. Банк секторының дамуына әсер ететін республиканың макроэкономикалық көрсеткіштері:
СҚО статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2014 жылдың тамыз айында облыс бойынша инфляция 0,1 пайыз болды. (2013 жылдың тамызында – 0,1 пайыз). Көршi облыстардағы инфляция: Ақмола – 0,9 пайызды, Қостанай – 0,4 пайызды, Павлодар 0,2 пайызды құрады.
Қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі 2013 жылғы 1 сәуірден бастап жылдық 5,5 пайыз деңгейінде белгіленді, ол осы уақытқа дейін өзгеріссіз қалды.
2. Облыстың қаржы нарығындағы жағдай. Солтүстік Қазақстан облысының банктік секторын 19 екінші деңгейлі банктің өңірлік филиалдары және олардың 60 құрылымдық бөлімшелері құрайды.
Облыстың несиелік нарығы. Банктердің несиелік салымдарының жалпы көлемі 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін 10,6 пайызға өсіп, 107,5 млрд. теңгеге артты. ҚР бойынша несиелік салымдар құрылымындағы біздің облыстың үлесі – 0,88 пайыз. Екінші деңгейлі банктердің берген несиелерінің жалпы көлемі 72,4 млрд. теңгені құрап, 5,5 пайызға артты.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге 14,4 млрд. теңге берілді, бұл берілген несиелердің жалпы көлемінің 19,8 пайызы. Биылғы жылдың есепті мерзімінде тұрғындарға берiлген тұтыну несиелері былтырғы жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда бірдей көлемде және 20,4 млрд. теңге болды. Берілген ипотекалық несиелердің көлемі 29,3 пайызға төмендеді және 3,4 млрд. теңгені құрады.
Осы жылдың тамызында ұлттық валютадағы несие бойынша орташа пайыздық ставка жылдық 14,5 пайызды құрады, шетел валютасында – 15,3 пайыз, ҚР бойынша ұлттық валютада – 14,2 пайыз, шетел валютасында 10,2 пайыз болды.
Облыстың депозиттік нарығы. Жалпы алғанда банк секторы бойынша салымдар былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 15,8 пайызға артты және 67,4 млрд.теңгені құрады. ҚР бойынша депозиттер құрылымында бiздiң облыстың депозиттерінің үлес салмағы 0,97 пайызға дейiн өстi. Жеке тұлғалардың депозиттері 64,6 млрд. теңгені құрады, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,5 пайызға артты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда заңды тұлғалардың депозиттер көлемі 1,5 есеге артты және 2,7 млрд.теңгені құрады. Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 0,2 пайызға өскен және 43,1 млрд. теңгені құрады, шетел валютасындағы депозиттер 1,6 есе өсті және 24,3 млрд. теңгені құрады. Депозиттер бойынша долларландыру дәрежесі 36,1 пайызды құрады. Теңгемен және шетел валютасымен депозиттер бойынша орта есеппен алғандағы ставкалар өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда артты және сәйкес түрде 8 пайыз және 4,3 пайызды құрады. Орта есеппен алғанда тұрғындардың бір адамға салымы 16,5 пайызға өсті және 119,1 мың теңгені құрады. ҚР бойынша бұл көрсеткіш 225,9 мың теңге болды, 18,8 пайызға өсті.
Облыстың валюта нарығы 2014 жылдың 1 қыркүйегі жағдайында Солтүстік Қазақстан облысында 131 валюта айырбастау пункті қызмет көрсетеді. 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында банктердің валюта айырбастау пункттері және уәкілетті ұйымдары облыста 119,1 млн. АҚШ долларын, 9,9 млн. еуро және 1044,5 млн. Ресей рубльдерін таза сатуды жүзеге асырды.
Төлем карточкаларының қызмет көрсету желісі 2014 жылдың 1 тамызы жағдайында мына тәртіпте түзіледі: 268 банкомат (2013 жылдың 1 тамыз жағдайына – 266), 1487 POS-терминал (өсу 44,4 пайызға немесе 457 бірлік). Онда есепті мерзімде бір терминалға 388 тұрғын келеді, бір банкоматқа – 2145 тұрғын. Пластикалық карточкаларды пайдаланатын сауда-сервистік кәсіпорындардың және карта ұстаушылардың даму қарқыны оң бағытта, оны оның сандарының 55 пайызға немесе 776-ға дейін және карта ұстаушылардың саны 8,3 пайызға немесе 271,3 мың адамға дейін өсуі дәлелдейді.