«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЗАТ ОҚУШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ

Астана қаласында дәстүрлі “Балаға мейірімді Қазақстан!” атты республикалық форум өтті.

Шараға балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, республикалық және халықаралық интеллектуалдық олимпиадалар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары қатысты.

Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен форумға біздің өңірімізден оқуда үздік жетістіктерге жетіп жүрген әрі шығармашыл 19 оқушы барып қайтты. Олардың арасында біздің мектебіміздің 5-сынып оқушысы, оқу үздігі Вероника Бромот та болды, ол – зияткерлік сайыстардың жеңімпазы.

Форум-фестивальдің ашылу салтанаты “ЭКСПО” алаңында өтті. Қазақстан Республикасының бала құқығы жөніндегі уәкілі, Парламент Сенатының депутаты Сәуле Айтпаева, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева балаларға құттықтау сөздерін арнап, шараның жас ұрпақтың құқығын қорғау жұмысын жақсартудағы маңызын атады.

Құралай МҰХАМЕДЖАНОВА,

№7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp