«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЛАР КӨРЕРМЕНДЕРГЕ КӨРІНБЕЙДІ

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде алғаш рет Еңбек күні аталып өтілді. Аталмыш мереке жұмысшы мәртебесін көтеріп, әлеуетін арттыруды көздейді. Сондай-ақ, өз ісіне беріліп, оның хас шебері атанғандарды бұқараға үлгі ету болып табылады. Бүгінде өңір кәсіпорындарында талай жылдардан бері табысты қызмет етіп жүрген отбасылар аз емес. Солардың бірі Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында жұмыс істеуде.

Аталмыш өнер ордасының төрінде сахналанатын қойылымдарға қажетті бұйымдардың бәрі осы жерде тігіліп, дайындалады. Ол шаруаны цехта суретші-бутафор болып жұмыс істейтін, 35 жылдан астам еңбек өтілі бар тігінші Людмила Манзюк атқарады.  

– Біздің жұмысымыз сызбадан басталады. Сценограф бізге қажетті заттардың үлгілерін әкеледі. Сөйтіп, жұмысты бастаймыз. Бұл көп шыдамдылықты қажет етеді, жеңіл заттармен қатар ауыр киімдерді де тігеміз. Өткен қойылымда қажетті бұйымдарды біз жасадық. Сөйтіп, актерлеріміз Қызылордада бірінші орын алды. Әр іске бар ынтамызды саламыз , – дейді Людмила Манзюк.

Қара шаңырақтағы цехта Людмиламен бірге сәндеуші Серік Ғаббасов та еңбек етеді. Олар ерлі-зайыпты. Екеуінің шаңырақ көтеруіне де дәл осы театр себеп болған. Шығармашыл отбасының мұнда еңбек етіп жатқандарына биыл 12 жыл.

Бұл жандардың көмегінсіз театрда бірде-бір қойылым сахналанбайды.

Бану АХМЕТОВА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp