«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЛИМПИАДАҒА БІР ЖЫЛ ҚАЛДЫ

Төрт жылда бір өтетін Олимпиада ойындарына да бір жыл қалды. Спортшылар мен жанкүйерлер асыға күтетін Олимпиада келер жылы Жапония астанасы – Токиода жалауын желбіретпек.

 Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті Токиодағы Олимпиадаға орай 366 күндік кері санау басталатынын жария етті. Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми талисманы Жапониядағы мектеп оқушыларының дауыс беруінен кейін таңдап алынған. Ол жапониялық “mirai” (болашақ) және “towa” (мәңгілік) сөздерінен құралған “Miraitowa” (Мирайтова) деген атауға ие.
Ал Паралимпиаданың талисманына “Someity” (Сомайти) деген ат берілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сөз – әйгілі сакураның танымал сортының атауынан алынған және ол ағылшынның “so mighty” (құдіретті) деген тіркесімен де үйлесіп тұр.
Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Ал Паралимпиада ойындары 25 тамыз бен 6 қыркүйек аралығына жоспарланған. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp