«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРГЕ – 60 ЖЫЛ

Облыстық онкологиялық диспансер өзінің 60 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.

Іс-шараның кіріспе бөлімінде диспансердің тарихы баяндалды. Орталықтың қазығы 1954 жылы қағылды. Диспансердің қазіргі таңдағы даму қарқынына зер салсаңыз, осыдан жиырма жыл бұрын аурухана он жетінші ғасырдың аяғында салынған ескі ғимаратта орналасты деудің өзі қиын. Қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеген шағын ғана аурухана бүгінгі таңда қанатын кеңге жайып, заман талабына сай қарыштап қадам басуда. Жоғары технологиялы оталар жасалуда.

Мерекелік іс-шарада диспансердің бас дәрігері Ермек Әбдірімов орталықтың 60 жылда қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Өңіріміздің бас онколог дәрігері облысымызда қатерлі ісік дерті дендеп тұрғанын да тілге тиек етті. Әсіресе, өкпе ісігі өршіп тұр. Соңғы 53 жылдың көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, аурудың асқынуы байқалған. Жарты ғасыр ішінде өкпе ісігіне шалдыққан науқастар 6,8 пайызға ұлғайған. Сүт безі мен жатыр мойын рагы да жиілеген. Асқазан обыры ғана төмендеген.

Салтанатты шара барысында онкологиялық диспансердің 60 жылдық мерейтойына орай өңіріміздің денсаулық сақтау саласына сіңірген зор еңбегі еленген бірқатар дәрігерлер облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарына ие болды.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp