“Мой ребенок” қоғамдық қорының өкілдері “Zhas project” жобасына қатысып, қаржылай қолдауға ие болды. Олар бұл қаражатқа дамуында ауытқушылығы бар балаларға арналған спорттық орталық ашты.
Дәрігерлердің айтуынша, аутизмге шалдыққан балалардың спортпен айналысуы олардың денсаулықтарына оң әсер етеді. Алайда, өңірімізде арнайы үйірмелер жоқ. Сол себепті, ата-аналар өз балала-рына көмек көрсету үшін игі бастаманы қолға алды. Орталыққа келетін балалардың ата-аналары өз қаражаттары есебінен мекеменің жалдау ақысын төлейді. Алдағы уақытта олар орталықтың ауқымын кеңейтуді жоспарлауда.
– Балам мұнда аптасына 23 рет келеді. Арнайы жаттықтырушылар мен психологтар жұмыс істейді. Өкінішке қарай, мекеменің іші тар. Бірақ қолымыздан келгенше аутист балаларға көмектесіп, барлық жағдайды жасауға тырысатын боламыз, – дейді қала тұрғыны Дмитрий Качесов.
Жансая ҚАЙЫПОВА.