Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары Петропавл халықаралық әуежайынан бірқатар ереже бұзушылық анықтады.
ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары 9-11 қыркүйек аралығында Петропавл халықаралық әуежайын тексерген. Тексеру барысында мамандар әуе кеңістігін пайдалану және ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету, ұшуларды электржарық-техникалық қамтамасыз ету, ұшуларды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету бөлігінде авиация қызметі туралы заңнама талаптарының бұзылуын анықтаған.
“Тексеру аяқталған күннен бастап бір ай ішінде заңбұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы инспекторлық нұсқама берілді”, – делінген хабарламада.
https://egemen.kz