Петропавл қаласының №1 полиция пункті қызметкерлері тұрғындарға есеп берді. Өткен жылы бұл учаскеде 450 қылмыс жасалған. Олардың басым бөлігі – ұрлық. 22 мың тұрғыны бар аумақта бұрын сотталған және құқық бұзған 554 адам тіркеуде тұр. Ашық сұхбат барысында бос тұрған ғимараттар, ит ұстау ережелері, пәтерлерді жалға берудің тәртібі және өзге де мәселелер қарастырылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp