Петропавлда жол қозғалысы ережесін бұзған «Мерседестің» жүргізушісін полицейлер қуып жүріп, зорға тоқтатқан.
Алайда ол көліктен шықпай отырып алған және алдында тұрған полицияның көлігін соққан. Сөйтіп, жүргізушіні ұстау үшін тәртіп сақшыларының күш қолдануына тура келген. 40 жастағы петропавлдық рульге ішіп алып отырған болып шықты, өзі бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған екен. Оның іс-әрекеті «билік өкіліне қатысты күш қолдану» деп танылып отыр. Полиция қызметкеріне бағынбау оқиғасы биылғы жылы екінші рет тіркеліпті.