«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БАЙ ЕҢБЕК” ДЕП АТАПТЫ БҰРЫНҒЫША…

Есіл ауданындағы шағын ауылдардың бірі – Еңбек Покровка ауылдық округіне қарайды. Кеңшарлар тарай бастаған кезде жергілікті тұрғындар шаруа қожалығын құрып, 2005 жылы оны заман ағымына орай “Бай Еңбек” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналдырды. Аталмыш шаруашылықты жеке отау тіккеннен бері осы ауылдың тумасы Қайырбек Қожасов басқарады. Мемлекеттік “Сыбаға” бағдарламасы арқылы егіншілікпен бірге мал шаруашылығын қоса дамытуды қолға …

“БАЙ ЕҢБЕК” ДЕП АТАПТЫ БҰРЫНҒЫША… Read More »

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫ – облыс әкімінің бақылауында

Өткен жұма күні облыс әкімі Самат Ескендіров жұмыс сапарымен Тайынша ауданына барып, “Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалово” бағытындағы жаңартылып жатқан жолдың жағдайымен танысты. Осы жерде өңір басшысы облыс жолдарын жөндеп жатқан барлық мердігерлер мен тиісті ведомстволар басшыларының басын қосып, кеңес өткізді.  Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ, журналист. Кеңесте Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейбіт Исманов облыстық және аудандық маңызы бар …

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ БАРЫСЫ – облыс әкімінің бақылауында Read More »

ӨТКЕННЕН САБАҚ АЛҒАН АБЗАЛ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. “АТФ Финанс” АҚ-ның сараптамашысы Жанар Нұржанованың айтуынша, қазіргі уақытта дағдарыстың екінші толқынының болу қаупі өте жоғары. “Әрине, ол бізге жақсылық әкелмейді. Бюджетіміздің кіріс бөлігі негізінен мұнайдан түсетін пайдадан құралады. Әлемдік нарықта оның бағасы долларға тәуелді, ал АҚШ-тың өз ішіндегі де күрделі жағдайларға қарамастан, долларды ауыстыра қоярлықтай басқа құрал бәрібір жоқ. Алтын …

ӨТКЕННЕН САБАҚ АЛҒАН АБЗАЛ Read More »

ӨНДІРІСКЕ СЕРПІН БЕРГЕН ЖАҢҒЫРТУ

  Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. Петропавл қаласындағы ірі өнеркәсіп орындарының бірі – “Мұнаймаш” АҚ-ның тарихы Ұлы Отан соғысы кезінен басталады. 1941 жылы жау қаумалай ұмтылған Таганрог қаласынан жедел көшірілген машина жасау кәсіпорнының базасында атқарушы механизмдер зауыты құрылды. Ол 1944 жылға дейін тек майданға қажетті өнімдер шығарумен айналысты. Еліміз жеңіске жетіп, бейбіт тұрмысқа көшкеннен кейін мұнда ауыл …

ӨНДІРІСКЕ СЕРПІН БЕРГЕН ЖАҢҒЫРТУ Read More »

АЛАСАРМАС АЛЫП ТҰЛҒА

“Күндерде сонау қара, тапсырған ел Тағдырын Абылайдай данасына. Сол күнде ел қорғаған Абылайдың Қылсаң да аз қанша тауап моласына”. Мағжан ЖҰМАБАЕВ. Қайролла МҰҚАНОВ, өлкетанушы. Әр халықтың тарихында пір тұтарлықтай асыл тұлғалары болатыны белгілі. Олардың есімдері өз еліне сіңірген ерен еңбектеріне байланысты өшпес өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып жетіп, ұлттың мәңгі ажырамас рухани өзегіне айналады. Сондай …

АЛАСАРМАС АЛЫП ТҰЛҒА Read More »

КЕПІЛЗАТ МӘСЕЛЕСІН “ДАМУДЫҢ” КЕПІЛДЕМЕСІ ШЕШЕДІ

Гүлмира ЖАҚЫПОВА, “Даму” қорының қаржылық емес қолдау жөніндегі бас менеджері. “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша тағы бес солтүстікқазақстандық кәсіпкер “Даму” қорының кепілдемесін алды.   Жеке кәсіпкер Дәулет Амангелдиев Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда астықты қоймада ұстаумен және сақтаумен айналысады. Ол өз ісін кеңейте түсу үшін қосымша жалпы 3 мың тонна астық сыйымдылығы бар 3 …

КЕПІЛЗАТ МӘСЕЛЕСІН “ДАМУДЫҢ” КЕПІЛДЕМЕСІ ШЕШЕДІ Read More »

ШЕБЕРЛІК СЫНАҒЫНДА СҮРІНБЕДІ

Ресейдің Нижний Новгород қаласында немістің “КНАУФ” академиясының ұйымдастыруымен ІІ Халықаралық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Ол құрылыс саласындағы кәсіптік білім беру мәселелеріне арналды. Конкурсқа Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіптік-педагогикалық колледждің студенттері қатысып, жүлдемен оралды. Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Конкурсқа ТМД елдерінен Беларусь, Молдавия, Әзірбайжан, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан Республикалары мен Ресей Федерациясының 15 аумағынан үміткерлер қатысқан. Қазақстаннан …

ШЕБЕРЛІК СЫНАҒЫНДА СҮРІНБЕДІ Read More »

ОN-LINЕ РЕЖІМІНДЕ АҚПАРАТ ЖИНАУ

Бүгінгі күні on-linе режімінде Интернет арқылы статистикалық есептерді толтыру және тапсыру үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік бар.   “Электрондық үкімет” бағдарламасын жүзеге асыру аясында статистикалық нысандарды тапсыруға барынша қолайлы болу және уақытты үнемдеу үшін ҚР Агенттігі “Е-статистика” ақпараттық жүйесін енгізуді бастады.Респонденттерге 65 нысан бойынша қағазға көшірмей-ақ, on-line режіміндегі Интернет-портал арқылы жұмыс орнында отырып, есептерін тапсыруға мүмкіндік бар. …

ОN-LINЕ РЕЖІМІНДЕ АҚПАРАТ ЖИНАУ Read More »

АУЫЗ АШТЫРУДЫН АРТЫКШЫЛЫFЫ

Кенжетай ДҮЙСЕНБАЙ, ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Айлардың сұлтаны болған Рамазан айында мұсылманның жасаған әрбір игі амалы Алла тағала тарапын үлкен сауапқа кенелтеді. Жаратушының рақымы жауған бұл ерекше айда мұсылман баласы шамасы келгенше игі істерді көптеп істеуге тырысуы керек. Алла тағала Құран Кәрімде: “Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. …

АУЫЗ АШТЫРУДЫН АРТЫКШЫЛЫFЫ Read More »

АҚШАМДА АУЫЗ АСҚА ТИІП…

Мың айдан қайырлы, жыл бойына асыға күткен қасиетті Рамазан айының құрметіне “Қызылжар” орталық мешітінде ауызашар берілді. Оған өңірдің зиялы қауымы, ардагерлер мен ақ жаулықты әжелер, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері, мешіт жамағаты қатысты. Ауызашарды ашқан ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы келген қонақтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің …

АҚШАМДА АУЫЗ АСҚА ТИІП… Read More »

“ҚОЖАХМЕТ ХАЗІРЕТ” МЕШІТІ күзде пайдалануға беріледі

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Кішкенекөл ауылындағы мешіт құрылысы аяқталса, ол облыс орталығындағыдан кейінгі екінші үлкен дін ордасы болмақ. Іргетасы 2009 жылы қаланған мешіттің құрылысы қаржы тапшылығынан бір-екі жыл тоқтап қалғанды. Биыл облыс басшылығының қолдауымен үш қабатты ғимараттың құрылысы жалғасып, күз айында қолданысқа беріледі деп күтілуде. Қайырымдылық жолымен салынып жатқан мешіттің құрылысына кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар …

“ҚОЖАХМЕТ ХАЗІРЕТ” МЕШІТІ күзде пайдалануға беріледі Read More »

БЫЛТЫР ӨЗІ САЛДЫРТТЫ, биыл өзі жөндетті

Жапар БӘРИҰЛЫ. Әкем марқұм Бәри Төлегенұлы ауылымыз ғана емес, алыс өңір-аймақтарға аты мәлім молда, имандылық жолын ғұмыр бойы ұстанған, кеудесі алтын сандық дерлік адам еді. Ауылымыздан тысқары жерлерден, тіпті, басқа аудандардан қайтыс болған адамдардың жақын-туыстары олардың “Жаназамды Бәри шығарсын!” деген аманатын орындап, әкемді алып кететінді. Өңіріміздің өткеніне, тарихи тұлғалардың өміріне жетік еді. Үйімізден сол себепті …

БЫЛТЫР ӨЗІ САЛДЫРТТЫ, биыл өзі жөндетті Read More »

“ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ” АТАНҒАН АЙБЕК

Туған жылы – 1987. Туған күні, айы – 3 шілде. Бойы – 190 см. Салмағы – 135 кг. Туған жері – Семей облысы,Абай ауданы. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. “Шығыс барысы” атанған, қазақ күресінен, дзюдодан Шығыс Қазақстанға ғана емес, елімізден тысқары жерлерге даңқы жайылған алып жігіттің боз кілемдегі белдесулерін көрген сайын айызым қанып, өзімен бір тілдесуге …

“ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ” АТАНҒАН АЙБЕК Read More »

ГИМНАСШЫ АРУ алар асулар алда

Жуырда Ташкентте көркем гимнастикадан Азия біріншілігі өткен болатын. Аталмыш додада командалық көпсайыста Қазақстан құрамасының құрамында ел намысын қорғаған жерлес гимнасшы Виктория Переверзева үшінші орыннан көрініп, қоладан алқа тағынған еді. Жерлесімізді жеңісімен құттықтау үшін оның Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтыратын бапкері Мария Небывайловаға хабарласқан едік. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. – Виктория – көркем гимнастикадан өткізілетін …

ГИМНАСШЫ АРУ алар асулар алда Read More »

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР СПАРТАКИАДАСЫ

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасындағы жыл сайынғы дәстүрлі жазғы спартакиада Мамандандырылған арнайы күзет қызметі басқармасы полицейлерінің жеңісімен тамамдалды.   Жарысқа өңіріміздің құқық қорғау органдарының 20 құрамасы қатысты. Барлық ойындар өте тартысты өтті. Спартакиада негізінен үш бөлімнен тұрды, біріншісінде спортшылар Президенттік шақырым бойынша сынға түссе, келесісінде олар гір тасын көтеруден мықтыны анықтады. Соңғы шешуші кезеңде шағын …

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР СПАРТАКИАДАСЫ Read More »

ЖЕҢІС ЕСЕБІ – 3:0

Жергілікті “Қызыл-Жар СК” ФК құрамасы Алматының “ЦСКА”-сын өз алаңында қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынды солтүстікқазақстандықтармен бірге облыс әкімі Самат Ескендіров те тамашалады. Нөсерлете жауған жаңбырға қарамастан, алаңға шыққан футболшыларға күннің күркіреп, найзағайдың ойнауы кедергі бола алмады. Ала допты домалата жөнелген ойыншылар жанкүйерлеріне жақсы ойын үлгісін көрсетіп, ұпай жинауға тырысты. Ауа райының қолайсыздығы болар, бірінші …

ЖЕҢІС ЕСЕБІ – 3:0 Read More »

ШИРЕК ҒАСЫР ТОЙЛАНҒАН “САБАНТОЙ”

Бұрнағы күні облыс орталығында “Сабантой” мерекесі 25-ші рет тойланды. Осы орайда мерекеге Татарстаннан белгілі әнші-бишілер арнайы келіп, өз өнерлерін ортаға салды. Назерке ТҰРСЫНОВА, журналист. Өңірімізде 20 мыңнан астам татар өмір сүреді. Олардың 150-ден астамы – “Дуслык” татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшелері.  

АЛАҢ ИЕЛЕРІ – “Ақ бидайдың” жеңімпазы

Тимирязев ауданының орталығында өткен облыстық “Ақ бидай – 2013” жазғы ауыл спорты ойындары спартакиадасы өз мәресіне жетті.   Спартакиада қорытындысы бойынша Тимирязев ауданының спортшылары жеңімпаз атанды. Екінші орынды қызылжарлықтар иеленсе, үшінші орынды Тайынша ауданының құрамасы қанжығасына байлап қайтты.   Үш күнге созылған дәстүрлі жарыста өңіріміздің 1500-ге таман спортшысы волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, дойбы, атыс, еркін …

АЛАҢ ИЕЛЕРІ – “Ақ бидайдың” жеңімпазы Read More »

“АДАМ ЕМЕС, АЙУАН” демеске болмас…

Облыс полицейлері кішкентай қыз балаларды зорлауға қатысты екі бірдей қылмыстық істі тергеуде.    Екі факті де аудандарда тіркелген. Бірінде ақыл-есі кем ауыл тұрғыны тал түсте 5 жастағы қыз баланы зорлаған. Полицияға қыздың анасы арызданды. Ер адам психоневрологиялық ауруханаға жатқызылған соң бұл факті бойынша қажетті сараптамалар белгіленіп, жәбірленушінің зорланғаны дәлелденді. Ауыл тұрғыны қазір қамауда отыр. Ауыр …

“АДАМ ЕМЕС, АЙУАН” демеске болмас… Read More »

МӘДИНА ЕСІМДІ МАС ҚЫЗ полицейлерді дүрліктірді

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Буденное ауылында тұратын 21 жастағы бойжеткен бірнеше рет аудандық ішкі істер бөліміне хабарласып, жалған мәлімет берген. Алғашқыда ол “Наубайхананың жанында белгісіз мәйіт жатыр” деп хабарлаған. Хабарды алған тәртіп сақшылары оқиға орнына бүкіл жедел әрекет ету тобын жұмылдырып, аумақты түгел тінтіп шыққан. Бірақ іздеу шаралары нәтижесіз болып шықты. Кейін кезекші бөлімге “А …

МӘДИНА ЕСІМДІ МАС ҚЫЗ полицейлерді дүрліктірді Read More »