«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУ ОРНЫМДЫ МАҚТАН ТҰТАМЫН

Сейілбек ӘСЕТ, студент. Қазіргі заман талабы – сауатты, креативті ойлайтын, жан-жақты білімді, белсенді жастар тәрбиелеу. Сондай жастарды даярлап, оқытуда жоғары оқу орындарының (ЖОО) атқарар міндеті зор. Өзім болашақ мамандығым туралы көп ойландым. Оқу орнын таңдауға келгенде таңдауым Еуразия Ұлттық университетіне түсті. Бұл университетке түсу менің бұрыннан бергі арманым еді, өйткені ол – отандық білімнің флагманына …

ОҚУ ОРНЫМДЫ МАҚТАН ТҰТАМЫН Read More »

ТАТУЛЫҚ пен БІРЛІК – басты байлығымыз

“Ассамблея” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Петропавлдағы Достық үйінде “Этносаралық келісім – тұрақтылық пен гүлденудің негізгі бағыттарының бірі” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті.    Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Түрлі ұлттық-мәдени бірлестіктердің өкілдері жиналған үстел басында облыстағы этносаралық келісім, тұрғындардың қарым-қатынасы, тұрақтылық жағдайы талқыланды. Сөз алғандардың барлығы Қазақстандағы татулық пен бірлікті басты байлыққа теңеп, бұл жолда қандай шараларды күшейту …

ТАТУЛЫҚ пен БІРЛІК – басты байлығымыз Read More »

АРМАН ҚАЛАҒА ВИРТУАЛДЫ САЯХАТ

Бану АХМЕТОВА.   “Астана – арман қала”. Осындай атаумен Петропавлдағы №7 орта мектепте елорданың туған күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Астана күнінін атап өтуде білім ұялары да шет қалып жатқан жоқ. №7 орта мектеп ұжымы Астанаға арналған жиынды интеллектуалдық түрде ұйымдастырыпты. Мұғалімдердің оқушыларға қойған сұрақтарында елорданың қалыптасу тарихы барынша қамтылған. Балалар да өз кезегінде сыннан сүрінбеді. …

АРМАН ҚАЛАҒА ВИРТУАЛДЫ САЯХАТ Read More »

ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДАМЫЗ

Ибрай ИЛЬЯСОВ, зейнеткер, тыл еңбеккері. Алдымыздағы 6 шілдеде Астана қаласына 15 жыл толғалы отыр. Астана – жаңа қала, Еуразия құрлығының нағыз орталығында 1998 жылы бой көтерген. Бұл жаңа, сәнді қаланы елімнің жүрегі деп санаймын. Елордамыз – бүкіл әлемді таңғалдырып, жылдам өсіп келе жатқан сәнді қала. Астана – Қазақ елінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, сауда орталығы. Астанада …

ЕҢСЕСІ БИІК ЕЛОРДАМЫЗ Read More »

АРДАГЕРЛЕР САПАРЛАРЫ ӘСЕРГЕ ТОЛЫ

Еліміздің әр қаласы біздің баға жетпес құндылықтарымыз болса, Астана – ұлттық рухтың ордасы. Оның өсіп-өркендеуі елдің ғана емес, әлемнің көзайымына айналуы әрбір қазақстандықтың көңіліне мақтаныш болып орныққан. Ескендір ЕЛЕУСІЗОВ,облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Бүгін елордамыз көсіліп жатқан бұрынғы Целиноград қаласы менің студенттік жылдарым өткен шаһар еді. 1965-1970 жылдар аралығында Целиноград ауыл шаруашылығы институтында білім алдым. Сол …

АРДАГЕРЛЕР САПАРЛАРЫ ӘСЕРГЕ ТОЛЫ Read More »

АУЫЛДА БАР “АСТАНА” САЯБАҒЫ

Академик Қаныш СӘТБАЕВ:“Ақмола – өзінің географиялық орналасуына қарай, төрт бағыттан келетін темір жол, тас жол, әуе жолының осы жерде түйісеріне қарай болашақта республиканың экономикасы, мәдениеті мен ғылымы ересен даму алатын қала”.(1958 жылдың күзінде Қазақ КСР Ғылым академиясыныңҚарағандыда өткен сессиясында сөйлеген сөзінен. “Етжеңді” “Егемен Қазақстан” 2002 кітабынан. Астана. 2003 жыл. 196-бет.). Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Астанаға …

АУЫЛДА БАР “АСТАНА” САЯБАҒЫ Read More »

ЖАЙЫЛЫМ ЖАЙЫН КІМ ОЙЛАР?

Байқал БАЙӘДІЛОВ, журналист. Ел ішіндегі малсақ қауым мал басын көбейтуге барынша ынталы. Өйткені, соңғы жылдары мал өнімдері, оның ішінде ет біршама қымбаттап, азын-аулақ мал ұстаған ағайынның бейнеті өтеле бастады. Ендігі орайда қолда бар мал тұқымын асылдандыру, оның ішінде сіңіре будандастыру арқылы тұқымын жақсарту – өте маңызды шаруа. Әйтпесе, соңғы жылдары қолда бар төрт түліктің тұқымы …

ЖАЙЫЛЫМ ЖАЙЫН КІМ ОЙЛАР? Read More »

СУЛЫШОҚТЫҢ ҚАЙРАТЫ — ауыл тірегіне айналған азамат

Жүз жылдық тарихы бар Сулышоқ ауылы – бүгінде 40 отбасы түтін түтеп отырған шағын елді мекен. Оның бүгінгі тұрғындары – өткен ғасырдың соңғы жылдарында көптеген ауылдастар қоныстарын аударып жатқанда кіндік қандары тамған жерге қаққан қазықтай тұрақтап қалғандар. Солардың қатарындағы Қайрат Жәнібековке жолығып, оның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосып жүрген үлесі мен еліне жанашырлығын байқаған едік. …

СУЛЫШОҚТЫҢ ҚАЙРАТЫ — ауыл тірегіне айналған азамат Read More »

ТYСТІ АРАША САН СOБИГЕ…

 Әнші Яна Богова қайырымдылықпен айналыса бастағалы “Солтүстік Қазақстан” газеті оның бірде-бір концертін қалт жіберген емес. Адамгершілік асыл қасиетті бойына сіңіріп, ізгіліктің жарқын көрінісін жерлестеріне өнеге етіп жүрген, бүгінде Қытайда тұратын петропавлдық әншіні жуырда туған қаласында жолықтырып, сұхбаттасудың сәті түсті.   – Петропавлға келуіңіздің себебі не? – Мен 2010 жылдан бастап туған қаламда қайырымдылық концерттерін ұйымдастырып …

ТYСТІ АРАША САН СOБИГЕ… Read More »

ЖАҢА БАСШЫЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Дүйсенбі күні өңір басшысы Самат Ескендіров жаңадан тағайындалған 7 басқарманың басшылары мен басшы міндетін атқарушыларды облыс активіне таныстырды. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Олар – Құрылыс басқармасының басшысы Саят Әшімов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серікбай Тұралинов, Ішкі саясат басқармасының басшысы Салауат Мұқсимов, Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Мұратбек Зейнуллин, жаңадан құрылған Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының …

ЖАҢА БАСШЫЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Read More »

Тағайындаулар

Облыс әкімі Самат Ескендіровтің өкімімен Саят Қаятұлы Әшімов Солтүстік Қазақстан облысы Құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды. С.Қ.Әшімов 1963 жылы туған, Қарағанды облысы Нұра ауданы Ивановка ауылында дүниеге келген. Арқалық педагогикалық институтын, Қазақ автомобиль жолдары институтын сурет, сызу және еңбекке баулу мұғалімі, құрылыс бакалавры мамандықтары бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 1986 жылы Бурабай курорты станциясының №101 орта …

Тағайындаулар Read More »

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ сарапшылардың оң бағасына ие болды

Қазақстан табысты дамып келе жатқан мемлекеттер қатарында. “Дағдарыстан кейінгі әлем” халықаралық қорының биылғы жылғы ақпан-мамыр аралығындағы зерттеуі осындай нәтижені көрсетті. “Қазмедиа” орталығында осы зерттеуге орай жарыққа шыққан “Перспектива – 2050: әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы” атты жинағы талқыланды. Сауалнамаға 63 мемлекеттің 300-ден астам сарапшысы қатысқан. Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Дағдарыстан кейінгі әлем” халықаралық қорының директоры Екатерина …

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ сарапшылардың оң бағасына ие болды Read More »

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабары

2013 жылғы 1 шілдеде облыстық сайлау комиссиясының мәжілісі өткізіліп, онда 2013 жылғы 7 тамызға тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысының аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауына әзірлік және өткізу жөніндегі негізгі шараларының жұмыс жоспары мен күнтізбелік жоспары қаралып, бекітілді.Облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауына әзірлік және өткізу кезеңіндегі жұмыс …

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабары Read More »

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2 шілдеде бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың ХVІ сессиясының жалғасы болып, онда 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешімге енгізілген өзгерістер бекітілді. Сессияда Ақжар ауданынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Қайрат Пішенбаевтың Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып тағайындалуына байланысты оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

ЗАҢДЫ БҰРМАЛАСАҢ, ЗАР ИЛЕЙСІҢ…

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Тілеген Қаскиннің төрағалық етуімен облыстық Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда жеті мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік істер қаралды.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Петропавлдағы “Планета” туристік орталығының директоры Жеткіншек Нәбиев, “Арай” бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Зәукен Галимова мен ветеринарлық станция директоры Ибраим Күрпенов Тәртіптік кеңес мүшелерінің ұйғарымымен қызметтеріне …

ЗАҢДЫ БҰРМАЛАСАҢ, ЗАР ИЛЕЙСІҢ… Read More »

КЕДЕН ОДАҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ

2009 жылы 27 қарашада Минскіде Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері Кеден одағын құру туралы құжатқа қол қойды, ол 2010 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Кеден одағының басты мақсаты – Бірыңғай экономикалық кеңістік құру. 2010 жылғы 1 шілдеден бастап салық органдарының Кеден одағы аясында салық өндіріп алуы тауарлардың экспорт және импорт кезіндегі төлемі үшін жанама …

КЕДЕН ОДАҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ Read More »

Жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және ескерту мақсатында

Бүгінгі күні біздің республикамызда барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар заңға сәйкес өз әлеуеті аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізеді. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасында да жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестиция тарту барысын тежеп, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер етеді және еліміздің болашақта дамуына айта қаларлықтай қауіп төндіреді деп атап айтылған. …

Жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және ескерту мақсатында Read More »

“АСТАНА” КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

2 шілдеде Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Астананың 15 жылдығына орай “Астана” атты жинақтың тұсауы кесілді деп хабарлады “ҚазАқпарат” агенттігі. Жинаққа “Егемен Қазақстан” газетінде 1994 жылдан бері жарық көрген мақалалар, сұхбаттар мен өлеңдер топтастырылған. Онда Ә.Кекілбаев, М.Жолдасбеков, Қ.Тоқаев, Қ.Сұлтанов, М.Қасымбеков, О.Мұхамеджанов және басқа да елімізге белгілі қайраткерлердің естелік-эсселері, сондай-ақ Х.Әбжан, А.Смайыл, Н.Оразалин, Қ.Тәукенов сияқты тарихшылар мен …

“АСТАНА” КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ Read More »

ӨТКЕНІМІЗ ЖАҢАША ЗЕРДЕЛЕНЕДІ

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Кеше облыстық әкімдіктің үлкен залында тарихшы-ғалымдар, мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы, мәдениет және білім қызметкерлері өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын болды. Кеңесте облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов баяндама жасады.

ЖЫРДАҒЫ ЕРЛІК – “ЕЛІМ-АЙ”

Абзал БӨКЕН, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Үстіміздегі жылғы 21 маусымда Қожаберген жыраудың 350 жылдығына орай облыс әкімі Самат Ескендіровтің қолдауымен Петропавл қаласында “Елім-ай!” деп өткен есіл ер” республикалық мүшәйрасы болып өткені мәлім. Осынау жыр додасының жеңімпазы – қарағандылық белгілі ақын Абзал Бөкеннің аталмыш мүшәйраға жолдаған өлеңдерін оқырмандар назарына ұсынуды ұйғардық. ҚОЖАБЕРГЕН Азап пенен ғажаптыңБұл өмірде …

ЖЫРДАҒЫ ЕРЛІК – “ЕЛІМ-АЙ” Read More »