ҚЫЗЫҒЫ мен ҚИЫНДЫҒЫ қатар жүретін мамандық иесі
Бақыт Алдабергенованы алғаш рет республика көлемінде екінші жыл өткізіліп отырған “Үздік педагог – 2013” байқауының облыстық кезеңінде сайысқан 13 ұстаздың арасынан көрген болатынмын. Сол сайыста Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы “Парасат” мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Бақыт Ерікқызы өз әріптестерінің арасында оза шауып, “Үздік педагог – 2013” байқауының жеңімпазы атанған еді. Енді онымен жүзбе-жүз кездесіп, емен-жарқын әңгімелесудің …