Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Ресей Федерациясында 1 тамыздан бастап халықаралық әуе рейстері жанданатынын мәлім етті.
«Халықаралық әуе рейстерін жандандыру туралы шешім қабылданды, соған қарамастан біз эпидемиологиялық жағдайды, ауру көрсеткіштерін басты назарда ұстаймыз», – деп мәлім етті үкімет төрағасы министрлер кабинетінің отырысында. Ол 1 тамыздан бастап Мәскеу, Мәскеу облысы, Дондағы Ростов пен Санкт-Петербург әуежайларынан рейстер жүзеге асырылатынын нақтылады.
www.inform.kz/