«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РОМАН КРЕЧ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

Астананың “Алау” мұз сарайында спринтерлік көпсайыс бойынша ел біріншілігі аяқталды. Бәсекелі додаға өңірімізден 8 спортшы қатысса, оның тең жартысы қыздар.

Көпсайыстың қорытындысы бойынша 500 және 1000 метр қашықтықтарда сынға түскен жерлесіміз Роман Креч жақында алған жарақатына қарамастан, ерлер арасында Қазақстан чемпионы атанып, өзінің мықтылығын дәлелдеді. Екiншi орын 2013 жылғы әлем жеңімпазы Денис Кузинге бұйырды. Үшiншi орынды 2012 жылғы Азия біріншілігінің күмiс жүлдегерi Федор Мезенцев жеңiп алды.

Ал нәзік жандар арасында солтүстікқазақстандық Елена Урванцева үшiншi орынға ие болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp