«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РУХАНИ АЗЫҚ АЛЫП ҚАЙТТЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Жас қаламгер” клубының және Михаил Аверин атындағы облыстық әдеби бірлестігінің мүшелерімен кездесу өткізілді.

“Өңіріміздің жас ақындарымен жүздесу” деп аталған әдеби кешке №17 ұлттық өркендеу мектебінің жоғары сынып оқушылары мен М.Жұмабаев атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері шақырылды. Айнұр Тілегенова, Алмагүл Тастанова, Оксана Ефремова, Иван Рэмович сияқты жас дарын иелері жиналғандарға өз шығармашылығы туралы баяндап, өлеңдерін оқыды.
“Жас қаламгер” және ”Проба пера” клубтарының жетекшілері Аманжол Зағыпар мен Оксана Ефремова жас ақындармен жүргізілетін жұмыс жайлы баяндады. Сондай-ақ, Оксана Ефремова жыл сайын “Отражение” әдеби альманахы жарық көретінін жастардың назарына жеткізіп, басылымның бір санын кітапхана ұжымына тарту етті. Әдеби кешке жиналғандар бұл шарадан жақсы әсер алып, рухани байып қайтты. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp