«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЙЫСҚА ШЫҚ, ЖАС ҰЛАН!

Өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен отырыста облыс мектептері оқушыларының арасында “Мен – чемпионмын!” спорт жарысын ұйымдастыруға қатысты мәселелер талқыланды. Аталмыш шара мектеп оқушылары арасында өткізілмек.

“Нұр Отан” партиясы мен муниципалды телерадиоарнасының қолдауымен өтетін “Мен – чемпионмын!” жарысы 12-14 жастағы оқушыларды қамтиды. Жиын барысында сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Каринова:

– Аталмыш жарыс 3 кезеңнен тұрады. Соңғы кезеңге жолдама алған 16 топ 21 наурыз бен 1 сәуір аралығында бақ сынаспақ, – деді.  

Отырыста муниципалды телерадиоарнаның директоры Евгений Сазанов қатысушы топтардың өтініші Интернет арқылы қабылданатынын, бұдан өзге ақпараттар “Вконтакте” және “Ютуб” сайттарында жарияланатынын жеткізді.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp