Салт атты полицейлер Петропавл маңында орналасқан Заречное және Новопавловка кенттеріндегі саяжай қоғамдастықтарындағы тәртіпті қадағалауға кірісті. Олар саяжай қоғамдастықтарының төрағаларымен, күзетшілерімен байланыс орнатып, учаскелердегі жағдаймен танысуда.
«Біз саяжай қоғамдастықтарының төрағаларына төтенше жағдайдың ережелерін түсіндіреміз. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, үйден тек жұмысқа, жақын маңдағы дүкен мен дәріханаға баруға және қоқыс шығаруға ғана болады. Саяжайлар бұл тізімге кірмейді», – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының кавалерия взводының командирі, полиция старшинасы Жақсылық Қожелдақов.
Салт атты сақшылардың бағыты 17 саяжай қоғамдастығының аумағы арқылы өтеді. Биыл індеттің таралуына байланысты саяжай маусымы кейінге шегерілді. Сондықтан саяжай ұрлықтарын болдырмау – маңызды міндеттердің. Саяжайлар бау-бақша маусымы аяқталғанша тәртіп сақшыларының бақылауында болмақ.