«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САМАЛДЫҢ ЕҢБЕГІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің  өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан бір топ азаматтарды марапаттады.

Еліміздіің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында жоғары мемлекеттік наградаға ие болғандардың арасында жерлесіміз, киноактриса Самал Еслямова да бар. Ол «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағына ие болды. Самал биыл Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» аталымы бойынша жеңіске жеткен болатын, сонымен қатар ол басты рөлді сомдаған «Айка» фильмі басқа да кинофестивальдарда жүлдегер атанды.

 https://www.inform.kz/kz/samal-eslyamova-kazakstannyn-enbek-sinirgen-kayratkeri-atandy_a3477868

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp