«Хабар» теларнасы түсіріп жатқан «Батырлар жолы» фильмінде солтүстікқазақстандық актриса Самал Еслямова басты рольдердің бірін сомдайды.
Режиссер Асқар Ұзақбаевтың бұл толықметражды туындысында Қарасай батырдың өмірі, Қазақ халқының басынан өткен қиын-қыстау кезең суреттеледі. Фильмдегі Қарасай батырдың анасының рөлін 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» аталымы бойынша жеңімпаз атанған Самал Еслямова ойнайды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасының бас продюсері Айдос Тұрысбек «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында айтты.