Қазақ елі егемендігінің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ширек ғасырдан астам уақыт ішінде туған елін әлемдік қоғамдастыққа танытқандығы Ай туғандай ақиқат. Президентіміздің осы жылдар бедерінде ел дамуының басты бағытын айқындап берген бірнеше мақаласы жарық көрді. “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы – рухани байлығымыз бен ұлттық құндылықтарымыздың дамуына тың серпін берген құжат.
Мемлекет басшысы қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында ұсынған нақты “Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру”, “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық”, “Туған жер”, “Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы”, “Қазақстандағы 100 жаңа есім”, “Атамекен”, “Рухани қазына”, “Тәрбие және білім” жобаларының қазіргі өмірде жүзеге асқандығының куәсі болып отырмыз. Мәселен, бүгінгі таңда өңіріміздегі мекемелер мен ұйымдарда латын әліпбиіне көшу жұмыстары жүргізіліп келеді. Облысымыздың қасиетті нысандарының интерактивті картасының жасалғаны белгілі. “Туған жер” бағдарламасы аясында өздерінің өсіп-өнген ауылдарына қолдау көрсетіп жатқан азаматтар легі толастаған емес. Осы күнге дейін ауданымызда рухани жаңғыруға бағытталған жүзден астам шара жүзеге асырылды.
Бай тіліміздің, ұлттық санамыздың, ата тарихымыздың, салт-дәстүріміздің, төлтума мәдениетіміздің қуаты мен құдіреті шынайылықпен сипатталған мақалада айтылған ойлар жұрт болып жұмылғанда ғана жүзеге асары анық.
Таңат ЖАҢБЫРБАЙҰЛЫ, Мамлют аудандық Мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы.