«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕНІМ ҮДЕСІНЕН ШЫҚТЫ

Петропавл қаласында арнаулы жиынға шақырылған 39 әскери қызметшіні салтанатты түрде шығарылып салу рәсімі өтті. Бұл жиынға облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев қатысты.

Әскерилер 20 күн бойы облыс орталығындағы 3000-ға жуық нысанда “COVID-19” індетіне қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.


Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев өздеріне жүктелген тапсырманы абыроймен атқарғаны үшін әскерилерге облыс әкімінің атынан Алғыс хат табыстап, оларға еңбекақыларынан бөлек қосымша сыйақы төленетінін жеткізді.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Талғат Әліқұлов, әскери-техникалық мектептің директоры, запастағы полковник Қалиолла Сауытбеков және Ұлттық ұлан әскери институты бастығының орынбасары полковник Савердин Имиров әскери қызметшілерге өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізген жұмыстары үшін алғыс білдіріп, алда келе жатқан Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 28 жыл толуымен құттықтады.

 

Айман ӘБЖАППАРОВА,

облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметкері.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp