«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕНІМДІ ӨКІЛ

Елбасы “Бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы” Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат құруды жүктеген болатын. Осыған орай елімізде жаңа әдеп ережелері қабылданып, әдеп мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы енгізілді. Облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде бұл маңызды міндет мүлiктi иелену бөлімінің меңгерушісіне жүктелген.

Әдеп мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл мемлекеттік қызмет туралы заңнама бұзылуының алдын алу және қызметтік этика ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, жемқорлыққа қарсы күресу және қызметкерлер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметкер болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі олардың жұртшылық алдындағы мемлекеттік басқару органдарының мәртебесін анықтайтын мінсіз әдебімен мінез-құлықтарымен қатар жүруі керек. Мемлекеттік қызметшілерге қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім артылған. Сондықтан олардың моральдық әдебіне жоғары талаптар қойылады. Ендігі кезекте мемлекеттік қызметші халық арасында беделді және үлгі тұтатын тұлғаға айналуы тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мониторинг жүргізу және бақылауды жүзеге асыру да осы лауазым иесіне сеніп тапсырылған. Мемлекеттік қызметшілердің арасында Әдеп кодексін бұзу жағдайлары орын алса, құқық бұзушылықтарға бастамашы болған себептерге талдау жүргізіледі. Мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар беру де осы уәкілдің құзыретіне енеді. Егер мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда оларды қорғау және жұмысын қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолға алынады.

Үстіміздегі жылдың маусым айында арнайы шақыртылған психолог мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің мамандарымен бірлесіп, мамандар үшін “Парақор психологиясы” тақырыбында семинар өткізді. Сондай-ақ, шара қатысушыларына парамен ұсталып, темір тордың ар жағында жазасын өтеп жүрген бұрынғы мемлекеттік қызметшілер туралы бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар әдеп мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында жылына екі рет құпия түрде сауалнама өткізеді. Құқық бұзушылықтар тіркеліп жатса оны шешу жолдары қарастырылатын болады.

Ерлан МҰСТАФИН,

облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің әдеп мәселелері жөніндегі уәкілетті өкілі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp