«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылысы туралы

Өткен 2013 жыл ішінде облыс бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жартысынан артығы (53%) Петропавл қаласына келеді.

2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда жұртшылық және барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар облыста жалпы аумағы 115 мың шаршы метр 1143 пәтерді қолданысқа берді, ол 2012 жылға 114,3%-ды құрайды. Жалпы аумағы 55,5 мың шаршы метрді құраған (жалпы көлемнің 48,3%-ы) 438 пәтер жұртшылық қаражаты есебінен салынды. Бюджет қаражаты есебінен 53,1 мың шаршы метр (46,2%), кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен 6,4 мың шаршы метр (5,5%) іске қосылды.

Облыста ипотекалық кредит беру жүйесі бойынша жалпы тұрғын аумағы 13,6 мың шаршы метр пайдалануға берілді, одан басқа 39,5 мың шаршы метр жалгерлік-коммуналдық тұрғын үй салынды.

Петропавл қаласында 61,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, ол 2012 жылғы деңгейден 13% артық болды.

Ауылдық жерде 38,4 мың шаршы метр немесе жалпы облыс бойынша тапсырылғанның 33,4%-ы пайдалануға берілді. Аудандар арасында тұрғын үй құрылысындағы ең үлкен үлес салмақты Тайынша ауданы алады – 10,5%.

2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үй құрылысында 6 656,9 млн. теңге игерілсе, ол 2012 жылғы деңгейден 3% жоғары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp