Виталий КОРОЛЕВ
1916 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Приишим (қазіргі Қызылжар) ауданындағы Боголюбово ауылында туған. Челябі облысының Копейск қаласындағы тау-кен техникумында оқыған. 1935 жылдан бастап әскер қатарында. 1939 жылы Сталинград әскери авиация мектебін бітіреді. Соғысқа 1941 жылдың маусымынан бастап қатысады.
2-ші әуе әскери 322-ші истребительдер авиациясы дивизиясының 482-ші истребительдер авиациясы полкі командирінің орынбасары, майор Виталий Иванович Королев соғыс жылдарында 435 рет әуеге көтерілген.
Соғыстың екі аптасы ішінде солтүстікқазақстандық жауынгер немістің жеті ұшағын, ал топтасып екі ұшағын құлатты.
1945 жылдың 27 маусымында жауынгерлік іс-қимылдары, ерлігі мен өжеттігі үшін Кеңес Одағы Батыры атағын алды.
1948 жылы жоғары офицерлік ұшу-тактикалық курсын бітірді. Полковник Королев 1957 жылы запасқа шығарылды. Тверь облысындағы Ржев қаласында тұрды. Ленин орденімен, медальдармен марапатталды. 1957 жылдың 4 қарашасында дүниеден өтті.
“Отыз үш батыр” деректі хикаясында Е.Воробьев былай деп жазды:
“ – Әуе жаудан тазартылды!
Бұл аспанның бір тұсында өзінің жеңісін жария еткен Королевтің рапорты.
Жиырма бес минуттан кейін Королевтің ЯК-і көрінеді. Бір-екі минут өтті ме, өтпеді ме, Королев өзінің машинасын орман шетіндегі қайыңды тұсқа қояды. Оның машинасының фюзеляжінде қара мысықтың суреті бар.
“Ол алдынан кесіп өтіп кетсе, “мессердің” жолы болмайды”, – деп әзілдейді жолдастары”.
Александр МАТВЕЕВ
1915 жылы Петропавлда туған. Осында ол мектеп пен механикалық зауыт жанындағы ФЗО-ны бітірді. Қала кәсіпорнында токарь, жүргізуші болып істеді.
1940 жылдың қаңтарында комсомолдық шақырумен Қазан жаяу әскерлер училищесіне келіп, оны бітіргеннен кейін 1941 жылдың мамырында 15-ші мотоатқыштар бригадасына жіберіледі. Өжет жауынгер шайқастармен Сталинградтан Берлинге дейін жүріп өтті. Қатардағы жауынгерден гвардия полковнигіне, взвод командирінен батальон командиріне дейін өсті.
Соғыс А.Матвеев үшін ол механикаландырылған полкта броневик командирі болып жүрген батыс шекарасында 1941 жылдың 22 маусымында басталды. Сол күні лейтенант тұңғыш рет ұрысқа кіріп, жаралы болады.
Ал оның өз батальонымен қанша рет шайқастарға қатысқанын санап шығу қиын. Сталинградтан кейін Курс иініндегі шайқастар, Днепрден өту, Киевті алу, Днепр мен Пруттағы, Румыниядағы ұрыстар, ақыр аяғында Польша. Комбат Матвеевтің омырауында екі жауынгерлік орден – Қызыл Жұлдыз және Қызыл Ту ордендері жарқырады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен Александр Владимирович Матвеевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін Матвеев әскерде он жыл болып, 1955 жылы подполковник шенінде запасқа шығып, Петропавлға оралды, астық өнімдері жүйесінде жұмыс істеді. 1972 жылдың 30 желтоқсанында дүние салды. Петропавл қаласында бір көше А.Матвеевтің есімімен аталады.