Бүгінгі таңда сот орындаушылардың екі түрі жұмыс істейді. Әрине, әр адамның өз таңдау құқығы бар.
Жеке сот орындаушысы – уәкілетті орган берген жеке сот орындаушысының лицензиясы негізінде, заңды тұлға құрмай, атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау бойынша оған заңмен жүктелген қызметтерді атқаратын және мемлекеттік қызметте тұрған лауазымды тұлға.
Солтүстік Қазақстан облысында жеке сот орындаушыларының институты 2012 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі күні облыста небары 4 жеке сот орындаушысы жұмыс істейді. Бұл өте аз. Мемлекеттік сот орындаушыларының жүктемесі аса басым, ал жеке сот орындаушылары осындай жұмыс көлемімен айналысуға көмектеседі. Жүктеме өте көп болғандықтан, Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті облыстың жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасында бос лауазым орындарына орналасуға тұрақты негізде конкурс жариялайды.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға жүгініңіз: СҚО сот актілерін орындау департаменті, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38 (облыстық мәслихат ғимараты), 26-кабинет, тел.: 8 (7152) 50-07-03.
Облыстық сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі.