«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сотталса да, рөлден айрылмаған

Шал ақын аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция қызметкерлері далалы жолда Сухорабовка ауылының  30 жастағы тұрғынын удай мас болып, рөлге отырғанында ұстады.

Ол 2018 жылы Ақмола облысының Бурабай аудандық сотының шешімімен үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған екен. Алайда бұл оқиға оған сабақ болмаған. Заңды елемей ол рөлге қайта отырған.
Екінші рет 2020 жылғы қыркүйекте  ол Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық сотының шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Енді міне, екі ай өтер-өтпестен қайта ұсталды, тағы да мас күйінде…
Шал ақын ауданының тергеу судьясы күдіктіге қатысты екі айға қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp