Өткен демалыс күндері «Subaru» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Омбы айналма жолындағы стелаға соғылды.
Облыстық полиция департаменті баспаөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы қазаның 5-інен 6-сына қараған шамамен түнгі сағат 2-де орын алды. Көлік жүргізушісі Қизатов көшесінің бойымен Борки кентіне қарай кетіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодексінің 610-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік материал жиналды. Шығын сомасы анықталып жатыр. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберіледі. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық қорытынды нәтижесінде анықталғандай, жүргізуші мас болған.