Есіл ауданының орталығында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін анықтау үшін Қазтест бағдарламасы бойынша “ЕС-164/4” мекемесінің 40 қызметкері тестілеуден өтті.
Тесттің қорытындысы бойынша 3 қызметкер В2 ортадан жоғары деңгейде, 25 қызметкер В1 орта деңгейде, 9 қызметкер А2 базалық деңгейде, 3 қызметкер қарапайым деңгейдегі дәрежелерге ие болды. Қазақ тілін меңгеріп, үйрену барысында қызметкерлер арасында аса белсенділік танытып, тестілеу кезінде жоғары көрсеткіштерге ие болған “ЕС-164/4” мекемесінің қызметкерлері Гүлнәр Сыздықова, Эльвира Темірболатқызы мен Бақыт Ғалымжанқызының есімдерін ерекше атап өтуге болады.
Диқан ӘБІЛОВ,
“ЕС-164/4” мекемесінің
аға нұсқаушы – психологі,
әділет майоры.
Есіл ауданы.