“Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты туындаған жаңа жағдайда Қазақстан Үкіметі дағдарыстың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдады”, – деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Дүниежүзілік банктің Еуропа мен Орталық Азия (ЕОА) бойынша өңірлік басқармасының бас экономисі Ханс Тиммер. Спикер ЕОА аймағының шығыс бөлігі шикізат ресурстары, әсіресе, мұнай бағасының төмендеуінен үлкен зардап шеккенін, ал геосаяси тәуекелдер мен қалыптасып жатқан экономикалары бар елдердің қаржы нарықтарындағы аса жоғары құбылмалылық барлық елдердің экономикалық өсімін төмендетіп жатқанын атап өтті. “Бұл жайт жаңа экономикалық жағдайға тез арада бейімделудің қажеттілігіне баса назар аударады. Елдер құрылымдық реформалар үшін ашылған мүмкіндіктерді пайдаланған жағдайда ғана кедейлік көрсеткіштерінің нашарлауын тоқтатуға болады”, – деді Ханс Тиммер. Оның айтуынша, валюта бағамдарын түзетуді несие-ақша саясатымен үйлестіру әлемдік нарықта елдің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне септігін тигізеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
															
																Share on facebook
							
																						
					
																			
										Facebook									
																	
													
															
																Share on telegram
							
																						
					
																			
										Telegram									
																	
													
															
																Share on whatsapp
							
																						
					
																			
										WhatsApp									
																	
													Соңғы жаңалықтар
- 31.10.2025
- 1 қаралым
- 31.10.2025
- 0 қаралым
- 31.10.2025
- 0 қаралым
- 24.10.2025
- 10 қаралым
- 24.10.2025
- 2 қаралым
 
								