«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҚО-ДА ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН 30 АДАМ КАРАНТИНДЕ ЖАТЫР

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирус індеті анықталған жоқ. Шетелден келген тұрғындарды дәрігерлер бақылауға алды.

СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурыздағы жағдай бойынша 1«а» санатына жататын елдерден, яғни Германиядан – 5, Испаниядан 3 адам келген. Олар облыстағы карантиндік стационарларға жатқызылды. Дәрігерлер 14 күн бойы бұл адамдардың денсаулығын бақылауда ұстайды. 1«б» санатына жататын Польшадан 4 адам келіп, бүгінде олар үй жағдайында карантинге алынды. 2 санаттағы шет елдерден облысқа 18 адам келді. Олардың 11-і – БАӘ, 5 – Тайландтан, 1-уі Ұлыбританиядан және 1 адам – АҚШ-тан. Мамандар олардың жағдайын қашықтан, күнделікті телефон арқылы біліп отыр.
«Шеттен келген азаматтар санитарлы-карантиндік бақылауға алынады. Ресей Федерациясымен шекарадағы автоөткелдерде шекара қызметі барлық азаматтардың, соның ішінде ҚХР-дан, қолайсыз елдерден келгендердің мәліметтерін алып, біздің департаментке жібереді. Біз өз кезегімізде оларды медициналық бақылаудан өткіземіз», – дейді СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы Күлпаш Таласбаева.


www.inform.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp