«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҮЙСІНІП СЕНІ ОҚИДЫ

Өңірдің тынысы мен үні болған,

Өмірдің бейнесі мен тілі болған,

“Солтүстік Қазақстан” – төл газетім

Тоқсанның бесеуіне бүгін толған.

 

Өрнектеп жазып өңір тіршілігін,

Өзгертті кемшілікті сыншыл үнің.

Сөздерің солтүстікті шуақты етті,

Толғантып оқырманды сыршыл үнің.

Өзегің сусап жатқан сауаттанып,

Өзендей тасып жаттың қуаттанып.

Сабырлы, салиқалы сөздеріңнен

Туралды көп кедергі уақтанып.

Өзгерді оңнан шығып заман желі,

Өзгертті атауыңды уақыт лебі.

“Мағжан мен Сәбит, Ғабит” газеті деп,

Төр беріп ардақтайды өңір сені.

Өңің тұр жауқазындай бүгін гүлдеп,

Өмірдің бет алысын танып-біл деп.

Сүйсініп сені оқиды өңір жұрты,

Тәуелсіз қазағымның үні бұл деп.

Өзіңе бағындырып ғасырды да,

Өрге шап, өршеленіп бәйге сұра!

Сен едің аманат боп келе жатқан,

Кешегі алыптардан асыл мұра!

Қасым НҰРҒАЛИЕВ,

Дәуқара орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp