Өңірде «Таза бейсенбі» акциясы өтіп, оның аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері пластик бөтелкелерді бөлек жинап, сұрыптап шықты. Іс-шара жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қалдықтарды қайта өңдеуді насихаттауға бағытталған. Аталған науқан «AMANAT» партиясының «Болашақ» филиалы мен «Raduga KDR» серіктестігінің қолдауымен өтті. Студенттер жиналған қалдықтарды дәл сол жерде сұрыптап, акция аяқталғаннан кейін оны қайта өңдеуге жіберді.
«Елімізде жыл сайын шамамен 4,5 миллион тонна тұрмыстық қалдық тасталады. Оның басым бөлігі полигондарға шығарылады. Алайда осы қалдықтардың төрттен бірі ғана қайта өңделеді», – деді «AMANAT» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.
Ілияс СӘБДИНОВ,
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.