«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘТТІ ҚАДАМ

Жастардың жұмысқа орналасып, қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында үстіміздегі жылдан бастап еліміздің 16 қаласында “Кеңес орталығы” жұмыс істей бастады. Аталмыш орталық “Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының мұрындық болуымен біздің өңірімізде де ашылды.

Өткен айдың қорытындысы бойынша 200-дей жас орталықтың көмегіне жүгінген. Солардың бірі – Алина Гайнуллина. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің 4-курс студенті Алина “Жастар тәжірибесі” бағдарламасымен жұмысқа қалай орналасуға болады?” деген көкейінде жүрген сауалға орталықтағы мамандардан тұшымды жауап алды.  

“Жас Отан” жастар қанатының облыстық филиалы ЖОО бітіруші түлектердің ешқандай еңбек өтілінсіз мемлекеттік қызметке орналасып, тәжірибеден өтулеріне мүмкіндік беретін “Сәтті қадам” жобасының да жүзеге асуына мұрындық болды. Шараға қатысушылар, ең алдымен, анықтама қағазын толтырса, екінші кезеңде комиссия мүшелерінің қойған түрлі сұрақтарына жауап берді. Осыған дейін жобаға 40 адам қатысты. Ең үздік деп танылған 9 жас қаламыздағы мемлекеттік мекемелерге тәжірибеден өтуге жіберілді.

Ақбөпе КАРИМОВА,

студент.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp