Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша, 2013 жылғы 15 қарашаға дейін облыста 3550,6 мың гектар алқаптың немесе 99,4 пайызының дәнді дақылдары жинап алынды. 5193,6 мың тонна астық бастырылды. Өнімділік гектарынан 14,6 центнерден айналды (2012 жылы – гектарынан 12,9 центнер).
Ең жоғары өнімділікке М. Жұмабаев (17,3 центнер), Қызылжар (16,9 центнер), Ғ. Мүсірепов атындағы (16,4 центнер) аудандардың диқандары қол жеткізді.
Ең төмен өнім Тимирязев ауданында. Онда өнімділік гектар басы 11,1 центнерді құрайды.
Майлы дақылдардың 402,4 мың гектар алқабы – 91,6 пайызы орылды, 341,3 мың гектары немесе 77,7 пайызы бастырылды. Орташа өнімділік гектар басы 12,1 центнерден айналды.
Облыс бойынша барлығы 510,0 мың тонна тұқым құйып алынды немесе 100 пайыз орындалды.
(Ресми бөлім.)