«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАБАН

Бұл ойынды бірнеше бала ойнай береді. Ойыншылар қолдарына бір-бір сақа алып, әр реткі ойынға бірден, тіпті, бірнешеден асық тігіп қояды да, мөлшерлі жерге барып, бір көлденең сызық сызып, сол арада сақаларын сайыстырады. Сақаларының алшы тұруы ретіне қарай әрқайсысы ойын кезегін алып, сызған сызықты баса тізілген асықтарды атады да, атқан асығын үш табаннан асырса, ала береді. Ал үш табаннан асыра алмаса, ойын кезегі өзінен кейінгі балаға ауысады. Ойын тәртібінде асық атушының атқан асығы үш табаннан асқан-аспағандығын асық атушы емес, оның серіктері анықтайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp