«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ТАМАШАНЫҢ” ТАРТУЫ

Өткен жұма күні Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көрермендер залы қызылжарлықтар мен қала қонақтарына лық толды. Ине шаншар жер қалдырмаған өнерсүйерлер белгілі кәсіпкер Жомарт Омаровтың шақыруымен өңірімізге келген “Тамаша-думан” әзіл-қалжың ойын-сауық отауының қойылымын қызықтады.

Сахнадан ойын-сауық отауының жетекшісі Асылбек Боранбай мен оның әріптестері Қадырбек Демесін, Марат Көккөзов және басқалар небір күлдіргі көріністерге қарық қылды.  

Сонымен бірге елімізге танымал әнші Ерлан Рысқали мен Сейфуллин Жолбарыс халық сазгерлерінің шығармаларын және эстрадалық әндерді тарту етті.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp